Депутат: Ақша асауды білгенмен, алаңда жетістік жасамаған легионерлерге қаржы бөлінбейді

Сағыныш Сардарова 13 нояб. 2024 12:24 133895

Мәжілістің жалпы отырысында спорт саласына қатысты заң жобасы қаралды. Депутат Нартай Аралбайұлының сөзінше, легионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуді тоқтату туралы норма қабылданды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нартай Сәрсенғалиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде қосымша баяндама жасады.

Бұл заң жобасы Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленіп,2023 жылғы                                 29 желтоқсандағы №1243 қаулысымен Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

"Заң жобасы отандық спорттың жылдар бойы қордаланып қалған қадау-қадау мәселерін шешетін, бюджеттің бүйірін теспей сорып, спортқа бөлінген қаржыны  мақсатсыз жұмсауды тоқтатады деп сенеміз. Себебі спортқа қыруар ақша бөлінгенім еткен еңбектен кеткен кемшілік көп екенін сіз бен біз үнемі айтып жүрміз. 

Заң жобасының жұмыс тобына кірген депутаттар бірнеше маңызды нормаларды енгізді. Мәселен, министрлік бұрын бекіткен, бюджетке қол салғаны болмаса атының өзін ағайын білмейтін спорт түрлерін қазына қаржысынан қағу үшін нақты шешім қабылданды. Заңды түрде жоғары жетістіктер спорты деген түсінік еніп оған кіретін спорт түрлері нақтыланды. Жоғары жетістіктер спортының ішінде жоғары жетістік көрсеткендері үшін басым спорт түрлері түсінігі енгізіліп, оның басымдықтары айқын көрсетілді", - деді ол.

Депутат Аралбайұлы легионерлерге қатысты мәселені де көтерді.

"Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен алаңда үлкен жетістік жасауды білмеген легионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуді тоқтату туралы норма қабылданды. Оған қоса бюджет қаржысының нақты қайда жұмсалуы керектігі айқын жазылды.

Ерекше жандарға көрсетілетін ерекше көмек "спортшыны алып жүретін адам" түсінігімен заңға енгізіліп оның шығындарын өтеу жолы да жазылды. Бұқаралық спортқа жасалатын қолдау да Заң жобасында ашық жазылды. Ұлттық спорттың қарыштап дамуына әсер ететін бастамалар, оларды қаржатпен қамтамассыз ету қадамдары нақты көрсетілді", - деді ол.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесінің айтуынша, жұмыс тобының 11 отырысы өтіп, 130-дан аса түзету қаралған.


Рекомендовать
Последние новости