Дайрабаев пен Тұрлыханов Ұлттық құрылтай құрамынан шығып қалды

Dalanews 19 янв. 2024 05:32 1334

Ұлттық құрылтай құрамында өзгерістер болды, кейбір танымал депутаттар тізімнен шығып қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

​Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды.


​Ұлттық құрылтайдың жаңа өкілдері қатарына мектеп мұғалімінен бастап ректорға дейін, спортшылар енген. Соның ішінде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, "Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, "Азаттық рухы" ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько бар. ​Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.

Сурет: Dalanews.kz коллажы, apk-news.kz, wikipedia.org

Рекомендовать
Последние новости