«Дамыған елдерде біздегідей құлдырау болмайды». Қауаңшылықпен қалай күресеміз?...

Dalanews 10 сент. 2021 05:32 1032

Сенатор Ақылбек Күрішбаев еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында ауа райына бейімделген ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа жүйесін құру қажеттігі туралы мәселені көтерді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сенатордың айтуынша, биылғы құрғақшылық  ауыл шаруашылығының ауа-райына тәуелділігі мен осалдығын көрсетіп отыр. Ол  технологиялық дамыған аграрлық елде осындай табиғи катаклизмдер орын алаған жағдайда Қазақстандағы секілді түсім төмендемейтінін атап өтті.

– Еліміздің гидрометеоқызметін жаңғырту қажет. Ауа-райының нақты болжамының болмауына байланысты фермерлеріміз егудің оңтайлы мерзімін анықтай алмайды. Депутаттар отандық сорттардың селекциясын дамыту мәселесін бірнеше рет көтерді. Құрғақшылыққа төзімді сорттарды тек биотехнологиялық заманауи әдістер негізінде ғана жасауға болады. Алайда мұндай зерттеулерді қажетті көлемде қаржыландыру мәселелері әлі шешілген жоқ, – деді сенатор.


Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығы саласындағы проблемаларды шешудің нақты тетіктерін атап өтті. Ол өрістердің егжей-тегжейлі агрохимиялық картограммасы қажет деп санайды. Сонымен қатар, сенатор ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіруді және суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды ұсынды.

Сенатор, сондай-ақ, фермерлерді оқыту өте маңызды екенін атап өтті. Осыған орай Ол аграрлық білімді тарату орталықтарын ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Қазақстанда мұндай орталықтардың саны бар болғаны 25, ал АҚШ пен Канадада 2-3 мыңнан асады.

Рекомендовать
Последние новости