Сіздердің спорттық жетістіктеріңізді ел Президенті жоғары бағалап, мемлекеттік награда берді. Зульфия ІІ дәрежелі "Достық", Игорь – "Құрмет" ордендерімен марапатталды. Олимпиада ойындарының қола жүлдесі еліміз үшін үлкен жетістік. Сондықтан сендер біздің еліміздің мақтанышысыздар. Сіздерге барлық қажетті мемлекеттік қолдау тұрақты түрде көрсетіледі. Біз өз тарапымыздан көмектесуді және қолдауды жалғастырамыз. Бүгін мен сіздерді жетісулықтар атынан елеулі жеңіспен құттықтаймын және жаңа спорт шыңдарын бағындыруларыңызға тілектеспін, - деген Амандық Баталов спортшыларға облыс әкімінің құрмет грамотасы және пәтер кілттерін табыс етті.
Зульфия Чиншанло үш бөлмелі пәтердің, ал Игорь Сон екі бөлмелі пәтердің кілтін алды. Спортшылардың жаттықтырушылары да марапатталды. Оларға әрқайсысына 2 миллион теңгеден ақша сертификаттары табыс етілді.
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, ауыр атлетикадан 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Игорь Сон спортшыларға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді:
Спортшыларға барлық жағынан көрсеткен көмегі үшін ел Президентіне шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз өз тарапымыздан бізге артылған сенімді ақтауға бар күшімізді саламыз. Алда Азия ойындары. Біз оларға жоғары марапаттарға ие болу үшін белсенді түрде дайындалатын боламыз, - деді ол.
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Игорь Сонның жаттықтырушысы Владимир Седов та ризашылығын білдірді:
13 жыл бойы мен спорт интернатында жаттықтырушы болып жұмыс істеп келемін. Енді Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған тағы екі тәрбиеленушім бар. Біріншісі - Карина Горичева, қазір Игорь. Мен бұған өте қуаныштымын. Жаттықтырушылар атынан спортшыларымыздың сәтті жаттықтыруы үшін жасалған жағдайға алғыс айтқым келеді. Біз елге және аймаққа медаль әкелу үшін нәтиже үшін жұмысты жалғастырамыз, - деді ол.
Кездесу барысында спортшылар алдағы жоспарларымен бөлісті, өздерінің мақсаттары мен спорттық дайындық ерекшеліктері туралы айтты.
Амандық Баталов атап өткендей, Алматы облысы чемпиондардың тұтас галактикасын тәрбиелеп шығарды, бұл мемлекеттің жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды.
Біз жақында Орталық Азияда баламасы жоқ олимпиадалық бассейнді пайдалануға бердік. Қазірдің өзінде оған 850-ге жуық бала жүзуге жазылды. Болашақта олардың көпшілігі бізді жетістіктері мен жеңістерімен қуантады деп ойлаймын. Елбасының республикада 100 спорттық-сауықтыру орталығының құрылысына тапсырысына сәйкес, облыста 13 спорттық-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Тағы 5-еуі жақында беріледі. олардың біреуі шалғайдағы Балқаш өңірінде. Қазірдің өзінде пайдалануға дайын. Бұл ретте біз спорт ғимараттарын, материалдық-техникалық базаны реттеуге ерекше назар аударамыз. Бұның бәрі бұқаралық спортты дамытуға және жаңа таланттарды анықтауға ықпал етіп, нәтиже беруде. Мен сіздерді тағы жарқын жеңістеріңмен құттықтаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін, - деп қорытындылады кездесуді облыс әкімі Амандық Баталов.