Cенат ЖИ туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды

Көркем Алдабергенова 23 окт. 2025 11:54

Сенат депутаттары “Жасанды интеллект туралы” заң жобасының кейбір баптарын мақұлдамай, оны қайта қарау үшін Мәжіліске жіберді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заң неге маңызды?

Сенаторлардың айтуынша, бұл құжат жасанды интеллект саласындағы құқықтық жүйені қалыптастыруға және оның қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Технологияны енгізу үшін мықты нормативтік база қажет. “Жасанды интеллект туралы” заң – Қазақстанда алғаш рет ИИ саласын реттейтін құқықтық негіз қалыптастыратын жүйелі құжат. Ол жасанды интеллектіні қауіпсіз және этикалық тұрғыда енгізуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ инновациялық дамуды ынталандыруға бағытталған», – деді Сенат депутаты Бибігүл Аққужина.

Не себеп болды?

Сонымен қатар, Сенат депутаттары құжаттың бірқатар баптарымен келіспей, оған алты түзету енгізіп, Мәжіліске кері қайтарды.

Заң жобасын талқылау алдағы аптада төменгі палатада қайта жалғасады.


Рекомендовать
Последние новости