Cағадиев: "Ел айтып жүрген мәселені естіген емеспін"

Dalanews 03 мар. 2017 11:18 944

 Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарында бірқатар мамандықтардың тізімнен алынып тасталғанын жоққа шығарды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.

Кеше ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сияқты мамандықтар алынып тасталынды деген ақпарат тарады. Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы» деген құжатының жаңа нұсқасын биылғы 1-ақпаннан бастап қолданысқа енгізді.

Аталған құжаттың «Бакалавриат мамандықтары» деген бөлімінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығы атымен жоқ. Оның орнына «Мұғалімдерді тілдер мен әдебиет бойынша даярлау» (Подготовка учителей по языкам и литературе) деп жазылған.

Сағадиев жетекшілік еткен министрлік қазақ ұлтын, тілін жоюға бағытталған бастамасына наразылық білдірген еліміздің бір топ ғалымы Марат Тәжин, Гүлшара Әбдіқалықова мен Бақытжан Сағынтаевтың атына хат жолдаған болатын.
«Бұдан зердесіз жаңалық мен естіген жоқпын. Кез келген мұндай шешімдердің күші жойылады. Алаңдамаңыздар. Арандатуға ермеңіздер. Бұл мүмкін емес. Ол болмайды»

, — деді бүгін Ерлан Сағадиев парламентте журналистерге.

Министр бұл бұйрық туралы естімегенін айтты.

«Түрлі алып қашпа әңгіме болады. Министрлік барлығын ашық істейді. Ең алдымен әр бұйрығымызды педагогикалық қоғаммен, мұғалімдермен, ата аналармен талқылап, сосын бір шешімге келеміз. Сіздер айтып отырған мәселені мен естіген емеспін» — деді Ерлан Сағадиев.

Рекомендовать
Последние новости