C. Куянов: «ЭКСПО-2017» көрмесінің уақыты созылмайды»

Dalanews 18 авг. 2017 09:49 817

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі халықаралық көрмені 1 қарашаға дейін ұзартуды сұраған астаналық кәсіпкерлердің үндеуіне жауап берді. Ол «көрмені ары қарай созудың қажеті жоқ» деп түсіндірді. Бірақ «Нұр әлем» елімізге және Астанаға келген қонақтарға туристік нысан ретінде қызмет көрсететін болады. Оның аты «Болашақтың музейі» деп өзгертіледі. Бұл туралы «ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов баспасөз өкілдерімен кездесуінде айтты.



«ЭКСПО-2017» Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімовтен әртүрлі компаниялар мен бизнес өкілдері ЭКСПО көрмесін қараша айына дейін созуды сұраған болатын. Біз олардың уәжін түсініп отырмыз. Туристік компаниялар қазір жақсы табыс тауып жатыр. Жуырда ғана Астана әкімдігі туризм және басқа салаларда ілгерілеушілік барын айтты. Халықаралық көрме жұмысын бастағалы бері Астанаға 1 772 489 турист келген. Бұл өткен жылдағыдан 4,5 есеге көп. Бұл – жақсы көрсеткіш. Алдағы уақытта да Астанада туризмді дамытудың жаңа жоспарын құратын боламыз», – деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, алдағы уақытта ЭКСПО көрмесіне келушілердің саны артуы мүмкін. Өйткені, көрме аяқталуға жақындаған сайын еліміздің түкпір-түкпірінен бірегей шараны тамашалап қалуға ынталылар арта түскен.

Алайда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі халықаралық бюросының регламенті бойынша өз жұмысын уақытында тоқтататады. Мамандандырылған көрме тек 3 айға созылады. Сондықтан үндеуге келісім бере алмаймыз», – деді Куянов.

Ол «Нұр әлемнен» бөлек, арт орталық пен үздік тәжірибелер аймағы, «Конгресс»  пен «Энергия холл» да өз жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Көрмеге келе алмағандар кейінгі уақытта осы нысандарды аралау арқылы ЭКСПО көрмесінің жалпы барысымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

 

Рекомендовать
Последние новости