Бизнеске қолдау: Жастар шағын несиені қалай алады?

Dalanews 24 янв. 2023 10:11 1338

21 мен 35 жас аралығындағы маңғыстаулық жастарға жеке кәсіптерін қолдау мақсатында 2,5%-бен 5 миллион теңгеге дейін шағын несие берілмек. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов хабарлады.

Спикердің айтуынша, барлық саладағы кәсіп түріне несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына қатысты жобалар үшін 7 жылға дейін берілмек. Ал, облыс бойынша биыл барлығы 163 жасқа төмендетілген пайызбен несие берілетін болады.

Өзінің жеке кәсібін ашқысы келетін болмаса, бар кәсібін одан әрі дамытқысы келетін жастар бұл шағын несие түріне өтінім беруіне болады.

– Ескерте кететіні кәсібіңізге, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізге 5 жыл уақыттан асып кетсе, сіз бұл шағын несиеге өтінім бере алмайсыз, – дейді Әсет Шопанов.

Қолдау жеке кәсіптің барлық түріне берілмек. Тек несиеге өтінім берген кезде кепілге қоятын мүліктің болуы шарт.

Өтінім қабылдау туралы хабарландыру 10 күн бұрын 2023 жылдың сәуір мамыр айларында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі басқарманың ресми сайттарына шығады.

Шағын несие алу үшін қажет құжаттар тізімі:

- Шағын несие алуға өтініш

- Жеке басын куәландыратын құжат

- Кредиттік тарих туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісім

- Бизнес-жоспар

- Қатысушының/үміткердің уәкілетті органының шағын несие алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі

- Кепіл берушілердің мүлікті кепілге беру жөніндегі келісімі

- Шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтамалар

- Кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар (кредиттер болған кезде)

- Қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан)

- Бағалау туралы есеп

- Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар

Ал, өтінімді беру бойынша «Аграрлық несие корпорациясының» Маңғыстау облысы бойынша филиалына жүгініп, бизнес-жобаларыңды өткізе алады. https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc?lang=ru

Рекомендовать
Последние новости