Бизнес бастау: Алматы тұрғындарына кәсіп ашуға қажетті грант беріледі

Dalanews 07 окт. 2022 10:16 917

Алматы әкімдігі мегаполис тұрғындарының бизнес бастамаларын қолдайды. Бұл жайында қалалық Жұмыспен қамту орталығының басшысы Сағындық Кенжебаев егжей-тегжейлі айтып берді деп хабарлайды Dalanews.kz ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Спикердің хабарлауынша, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысының басты мақсаты-жұмыс іздеушілерді жұмысқа орналастыруға және жұмыс берушілерге кадрларды іріктеуге жәрдемдесу, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру.

Сағындық Кенжебаев Алматының жұмыспен қамту орталығы "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны" іске асыру аясында қандай жұмыс атқарғанын айтты.

Біріншіден, мегаполисте жұмыссыздарды кәсіптік оқыту белсенді жүріп жатыр.

Оқыту жұмыс берушілердің өтініші бойынша оқу орталықтарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында жүргізіледі. Оқу ұзақтығы 6 айға дейін. Жобаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша (50 мың теңге) мемлекеттік қолдаумен, (20 949 теңге) стипендиямен қамтамасыз етіледі. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды алған мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орнына (кемінде 12 ай мерзіммен) жұмысқа орналастыруға міндеттенеді.

"Биыл 25 мамандық бойынша 1002 адамды оқыту жоспарланған, бүгінгі таңда кәсіптік оқыту курстарына 1003 адам жіберілді, оның ішінде 659 адам оқуды аяқтады, 499 адам алған мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды", - деп статистиканы келтірді С.Кенжебаев.


Бұдан басқа, жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріне дейін (1 225 200 теңге) мемлекеттік гранттар беру көзделген - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға (29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер, АӘК және көп балалы ретінде, асыраушысынан айырылғанға байланысты жәрдемақы алушылар, қандастар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған мүгедектігі бар адамдар) өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сонымен қоса өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, гранттар келесі бағыттарды дамытуға ғана беріледі: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, сатып алу, үй-жайды жалға алу ақысын төлеу.

Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік гранттарды 483 үміткер алды. Тағы 1086 үміткерге беру жоспарда.

Рекомендовать
Последние новости