Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек - Тоқаев

Азамат Қойшығара 07 февр. 2024 11:10 1419

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда Мемлекет басшысы алдағы міндеттерді орындау үшін Үкіметке де, әкімдіктерге де тиісті құзырет берілгенін еске салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алайда, бұл мүмкіндіктер көп жағдайда дұрыс қолданылмай жатады. Соның кесірінен реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеп кетті. Мұндайды доғару керек.

Мемлекеттік органдар арасында өзара келісу мен талқылау жұмысы аяқталғанша, кез келген бастаманың негізгі мән-маңызы да өзгеріп кетеді. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек", - деді Тоқаев.

Ол Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс екенін алға тартты. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды.

"Қазіргі жағдайда экономикамыздың мейлінше еркін дамуына мән беруіміз қажет. Елімізді дамудың жаңа белесіне шығарамыз десек, бұл жұмысты жедел және дәйекті түрде жүргізген жөн. Мен былтырғы Жолдауымда жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындап бердім. Сондықтан бүгін мен қазіргі экономикалық ахуалға қатысты өзекті мәселелерге тоқталамын", - деді Президент.


Рекомендовать
Последние новости