Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасты: күдіктінің анасы не айтты?

Сағыныш Сардарова 12 мар. 2024 18:14 2988

Астана сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қуандық Бишімбаевтың анасы сот отырысына оның қоғамдық қорғаушысы ретінде қатысып жатыр. Өзін қоршап алған журналистердің сұрағына ол өте қысқа жауап берді.

"Бәрін сот шешеді", - деп қысқа қайырды экс-министрдің анасы.

Ал Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша ашық процеске қатысқысы келгендердің бәрі неге залға кіре алмағанын айтты.

"Сот залына кіргісі келгендер кіргізілмеді, бос орындар болды, бірақ біреуге басымдық берілді, біреуге берілмеді" деп жатыр.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта тек бес сот отырысы залы бар екеніне тоқталып өткім келеді. Бұл ретте осы сотта бір мезгілде төрт қылмыстық іс қаралып жатыр. Сотталушы ретінде бір-бірден 32 адам, енді бірінде 9 адам, тағы бірінде 8 адам өтіп жатыр. Төртіншісі - Бишімбаевтың ісі, онда екі адам - сотталушы. Сәйкесінше мұнда сегіз, тоғыз немесе 32 адам сыймайды. Сондықтан осы зал таңдалды", - деп түсіндірді Жұмақсанов.

Бесінші зал Бишімбаевтың ісін тікелей эфирден көргісі келетіндердің барлығына ашық болатыны айтылды.

Елдос Жұмақсанов тараптардың бірінің өкілдеріне отырыс залына кіруге көбірек мүмкіндік берілгені туралы ақпаратты да жоққа шығарды.

"Сотталушы Бишімбаев заң бойынша бір қоғамдық қорғаушыға құқылы. Екінші сотталушының, яғни оның туысының да қоғамдық қорғаушысы бар. Екі сотталушының тағы бес адвокаты бар. Адвокаттар саны шектеулі емес. Тиісінше қазірдің өзінде жеті адам отыр, сонымен қатар, сот процесінде судья бар. Жәбірленушілердің бір қоғамдық қорғаушысы бар және, менің ойымша, төрт адвокаты бар. Нәтижесінде шамамен 14-15 адам. Сонымен қатар, айдауыл қағидасының талаптарына сәйкес бір сотталушыға кемінде екі айдауыл қажет. Тиісінше екі сотталушыда төрт айдауыл. Бізде залдың сыйымдылығы 19-20 адамға лайықталған, ол қатысушылардың санымен шығады. Осылайша, біреуінде көп адам немесе біреудің туыстары қатысып отыр, біреуінде қатысып отырған жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді ол.

Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.


Рекомендовать
Последние новости