Биыл Жетісу облысында 2,2 млн тонна жем-шөп дайындалады

Ақтоты Жапатова 23 июл. 2025 09:55

Биыл Жетісу облысында 2,2 млн тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр, оның ішінде 1,2 млн. тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем, 307 мың тонна жемдік астық дайындалады,- деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы жылы мал азығы дақылдарының егіс көлемі облыста 92,5 мың гектарды құрап отыр. Бүгінгі күннің деректеріне сәйкес өңірде 994 мың тонна мал азығы жиналды, соның ішінде 82,8 мың га көп жылдық шөптің бірінші шабындығы толығымен шабылып, екінші шабындық жұмыстары жүргізілуде. Бір жылдық шөптің 7 мың га, табиғи  шабындықтың 107 мың гектары шабылды. Одан басқа, 76 мың тонна сабан, 15 мың тонна жем жиналды. Жалпы 786 мың тонна шөп дайындалды. Сол сияқты 117 мың тонна пішендеме басылды.

- Жетісу облысында қолдағы барлық мал басын қыстату кезеңіне  2 млн 890 мың тонна мал азығын жиналады деп есептелген. Бұл қажетті жем-шөптің 1,5 жылдық қоры. Оның 653,4 мың тоннасы өткен жылдан қалған. Мал азығын дайындау жұмыстары аудандарда қызу жалғасып жатыр», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н. Кененбаев.


Рекомендовать
Последние новости