"Бұхара – Орал" газ құбырының үшінші желісі салынады. Оны да "Газпром" бақылайды

Dalanews 28 февр. 2023 03:24 1294

Ақтөбе облысында «Бұхара – Орал» газ құбырының үшінші желісінің құрылысы басталады. Бұл жөнінде Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарымен кездесуінде айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Ақтөбе облысын газбен қамтамасыз ету өзекті мәселе боп тұр. Шикізат жеткілікті болғанымен, бізге керекті көлемде жеткізетіндей газ құбыры жоқ. Оның шешімі «Бұхара – Орал» магистральдық құбыр желісін салу. Оның құрылысына биыл кірісеміз, – деді Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімінің сөзінше, 162 шақырымға жететін құбыр желісін салуға 43 миллиард теңге жұмсалады.

Ақтөбе газды «Жаңажол – Ақтөбе» және «Бұхара – Орал» магистральдық газ құбырларынан алады. Қазақстан энергетика министрлігінің мәліметінше, «Бұхара – Орал» газ құбырының екі тармағы әбден тозған.


Ресейдің Өзбекстаннан шығып, Қазақстан арқылы өтетін «Бұхара – Орал» газ құбырының құрылысын «Газпром» бақылайды.

Құбырдың ұзындығы – 4500 шақырым. Жылына 8 миллиард текше метр газ айдайды.

Бұған дейін Қазақстан энергетика министрлігі Ресей Қазақстан арқылы Қытайға баратын газ құбыры құрылысын бастағысы келетінін хабарлаған.

Бұдан өзге, биыл қаңтарда Ресей мен Қазақстан Ресей газын Қазақстанға тасымалдау, Орынбор газ өңдеу зауытында Қазақстан газын өңдеуден өткізу мәселелері бойынша жол картасына қол қойған.

Рекомендовать
Последние новости