Бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германиядан экстрадицияланады

Қаракөз Амантай 30 окт. 2025 12:43

Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германиядан экстрадицияланады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Дүйсеновке халықаралық іздеу 29 тамызда жарияланған. Ал қыркүйек айында оны Германияның құқық қорғау органдары Интерпол желісі бойынша ұстаған.

Ғалымжан Қойгелдиев бұрынғы прокурор саяси баспана сұрады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Экстрадициялау процесі қазірдің өзінде басталып кетті. Германия тарапынан бас тарту туралы ресми жауап түскен жоқ", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында экс-бас көлік прокурорына іздеу жарияланған еді. Портал дерегінше, іздестіру ісі Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының бастамасымен тіркелген. 


Рекомендовать
Последние новости