"Бүгіннен бастап той өткізуге рұқсат". Тоғжанов елге ескерту жасады

Dalanews 27 сент. 2021 13:48 887

Елімізде бүгіннен бастап той-томалақ өткізуге рұқсат етілді. Мәминнің орынбасары Ералы Тоғжанов тойға рұқсат берудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Бірқатар іс-шараларды өткізуге рұқсат бердік, бірақ қатаң шарттары бар. Біріншіден, шараға қатысушылардың Ashyq-та "жасыл" мәртебесі болуы керек. Біз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуымыз керек.

Салтанатты шаралардың өткізуге рұқсат беру – бұл тек той-томалақ өткізуге ғана қатысты емес.

Бірінші кезекте мәселе шағын және орта бизнесті қолдау төңірегінде болып отыр. Ал рұқсат беріліп тұрса, жалпы Қазақстан бойынша барлығы той өткізе алады деген сөз емес.

Коронавирусты бақылау міндеті алынып тасталған жоқ. Елімізде салтанатты іс-шараларды өткізу қатаң бақылауда болатынын еске салғым келеді. Қазақстанда КВИ-дің таралуын бақылау мен тоқтату шаралары күн тәртібінен түспейді", – деді Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, апта сайын санитарлық-эпидемиологиялық жағдай зерделенеді, санитарлық талаптарға сай келмейтін тойларды анықтау шаралары жалғаса береді.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған адамдардың көбейіп жатқанын ерекше атап өтті. Соның арқасында ұжымдық иммунитет күшейіп келеді.

Айта кетсек, 27 қыркүйектен бастап салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат берілді.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ға дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.


"Сары" аймақта да 50%-ға дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.

"Қызыл" аймақта 50%-ға дейін, 50 орыннан аспауы керек.

Сонымен қатар форумдар, көрмелер, марафондар өткізуге болады.

Осы сәтте:


https://dalanews.kz/kogam/68318-islamofobiiaga-qarsy-kures-muzykalyq

Рекомендовать
Последние новости