БҚО-да Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті

Жарбол Кентұлы 06 мая 2024 17:51 3833

Бүгін Орал қаласынад «Атамекен» өнер орталығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев ел дамуында ер азаматтардың орны мен ерлігін тілге тиек етіп, кешегі өңірімізде орын алған  су тасқыны кезінде жасаған еңбектеріне ерекше тоқталды.

– Облысымыздан және басқа да өңірлерден 3 мыңға жуық күштік құрылым қызметкерлерімен қатар, елдің нағыз патриоттары, елдің болашақ қорғандары жастар қауымы қиын сәтте ұйымшылдық танытып, ел үшін аянбайтындарын дәлелдеді. Бұдан бөлек, еріктілер мен қарапайым тұрғындарымыз да күндіз-түні тасқын суға қарсы жұмыстарға қол ұшын созды.

Нәтижесінде, уақытылы қабылданған шаралардың арқасында Орал қаласы мен облысымыздың 4 ауданында орналасқан 84 елді мекенін су тасқынынан аман алып қалдық, – деді өз құттықтауында облыс әкімі.

Шара марапаттау рәсімімен жалғасып, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған күштік құрылым қызметкерлері мен сыни сағатта  қолдау білдірген жандар марапат төрінен көрінді.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

 


Рекомендовать
Последние новости