Болашақ: В.Гавриленкомен мәселе шешілді. Мемлекеттік қаражат бюджетке қайтарылатын болады

Сағыныш Сардарова 21 июн. 2024 15:43 4003

В.Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрап, оқу ақысы бойынша қарызын өз еркімен төлеуге міндеттенді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұрынғы стипендиат В.Гавриленко және кепілгерлер М.Дарибаева мен Н.Воробьевамен резонанстық жағдай заң аясында шешілді. Медиация қорытындысы бойынша В.Гавриленко оқу берешегінің толық сомасын өз еркімен өтеуге міндеттенді.

Шартты қамтамасыз ету үшін берілген кепіл мүлкі шығындардың қажетті сомасын жабады, сондықтан кепілгерлер мен Орталық арасында келісімшарт бұзылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Орталық анықталған бұзушылықтардың материалдарын құқық қорғау органдарына жолдаған болатын. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Орталықтың бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Валерия Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрады және Орталық белгілеген тәртіпте қарызды өтеп жатыр.

Халықаралық бағдарламалар орталығы шарттық міндеттемелерді орындаудан ауытқыған және стипендиядан айырылған тұлғалардан мемлекеттік бюджетке қаражатты қайтару жөніндегі жұмысты жалғастыруда.


Рекомендовать
Последние новости