Оның сөзінше, Қостанай облысы Арқалық қаласынан шетелге, соның ішінде Бельгияға кеткен Жәнібек есімді тағы бір бала бар. Бұл жолы оның анасы, нағашы жұрты табылыпты.
"Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалар ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды. Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды, бүгін ДНҚ анализ тапсырды. Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жер мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер", - деп жазды журналист.
Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің жағдайы бүкіл қазақ жұртын ойландырып тастаған еді. Бұл ақпаратты алғашында Олжас Беркінбаев әлеуметтік желіде жариялады. Кейін "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы баланың анасын іздеу бағытында жұмыс істеді. Жәнібек виза мерзімі аяқталуына байланысты туған жерінен кетуге мәжбүр болды. Бірақ іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сурет: Қымбат Досжанның әлеуметтік желідегі парақшасынан