Бекетаев Лондонға қашпақшы болған

Dalanews 26 окт. 2023 05:17 1412

Күні кеше ғана қолына кісен салынған экс-министр Марат Бекетаев Лондонға қашпақ болған. Бірақ оның ойы іске аспай қалды. Айтпақшы, ол тергеу изоляторына жіберілгенге дейін сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кейбір деректерге қарағанда, 21 қазан күні таңертең Марат Бекетаев жазадан құтылу үшін Ыстамбулға, одан әрі Лондонға ұшып із жасыруды ойлаған. Өйткені Бекетаев сот ісіне куәгер, содан кейін күдікті ретінде тергеу ісіне тартылған.

Тіпті ол еш жаққа жерден кетпеу туралы қолхат та берген. Бекетаев жазадан қашып құтылмайтынын сезгеннен кейін қашуға оқталғаны анық.


Ақпарат құралдарының хабарлауынша, тергеу барысының өз пайдасына шешілмегенін сезген Бекетаев таңертең әуежайға бөтен көлікпен келіп, «Астана-Ыстамбул-Лондон» билетін сатып алмақ болған. Алайда оны құқық қорғау органдары тоқтатқан.

Рекомендовать
Последние новости