Бекболат Тілеухан адасып жүр...

Dalanews 22 окт. 2015 03:40 1101

Бекболат Тілеухан адасты. Ел сыйлайтын еді. Сөзіне де, ісіне де сенетін еді... Ең ұлы сүннет – көркем мінезді меңгерген Мұхаметжан да сонымен бірге жалтарып кетті...Неге?

Осы жерде Лев Толстойдың Максим Горькийді қыспақтағанын қаперге сала кетейін, пролетарияттың, атеистіктің ұлы жазушысы атанған оған Лев Толстой ең нәзік жерден сұрақ қояды ғой.

– Сен Аллаһтың бар екенін білесің бе? – деп, сонда ол:

– Алла жоқ қой, – дейді абдырап.

Келбеті салқын тартқан Лев Толстой:  – Сен Аллаһтың бар екенін әбден білесің, – дейді үні қатқыл шығып. Горькийдің өңі қуқыл тартып, қобалжып тұрып қалады. Жауап беруге шамасы келмейді. Лев Толстой сосын үнін бәсейтіп:

– Өйткені ол Аллаһ сенің қалауыңдай емес, сондықтан мойындамайсың, – деген. Міне, ұлы адамдар ақиқаттың алдында жалтармаған... Әр екі жағы да іштей сезінді, мойындаса барлық еңбегінен бас тартуға тура келеді оған. «Ақылы бар адамның соңғы табан тірер тиянағы – Ислам». Заманның дес бермеген жазушысы, әлемдік ақыл-ойдың көркем үлгісін зерделеуші, Нобель сыйлығынан бас тартқан Левтің сөзі осы.

Қоооош, сонымен тақырыпқа келейік. Бекболаттың осы ширек ғасырда тасының өрге домалағаны сонша, түркі халықтарына кеңінен танылған, Шахановтан да, көз еті өскен «Мұрттыдан» да әрмен даңқы төске өрлеген тұлға. Мақтайды деп қалмаңдар, тамыршы оқырман. Жоооооқ, дер едім қолымды бірақ сілтеп!

Әрине, ұлт үшін жасаған еңбегін ешкім жоққа шығармайды. Алайда, жаман адам деген жақсылығы жоқ, жақсы адам деген қателігі жоқ адам деген сөз емес. Жақсы болмасқа да еш қақысы жоқ. Айтуларға қарағанда, Сталин өлерден үш жыл бұрын  партбилетін тығып тастап, Бекболаттың атасы намазын тығып оқыған, сталиндік репрессия қақап тұрған кезде. Демек, татқаны тұнық екенінде дау жоқ. Кредиттік сана салтанат құрған қауымға  жақсылықты үндегендердің алғашқы легінде болды.

ХХІ ғасыр адам айтқысыз ақпараттық соғыс майданы. Жақсылықтың көзін жамандықпен бекітудің алуан парағы шығып жатқан кез. Кеңестік социалистік ләгерден шыққан бір қауым түрмелік психологияны мейлінше сіңірген. Құлдық сана  еттен өтіп, сүйекке барған, жаһанданудың алғашқы соққысының өзіне шыдас беретін ұлттық болмыс шашылып қалған. Түркітектес бұратана халықтардың ішінде жоспарлы соққыдан рухы тонау мен тұтқынға түскен ел екенімізді несін жасырайық. Ықылымнан келе жатқан үш ұлы құндылыққа қарсы шаптық  алдымен. Аллаһ Құранда: «Асырмен ант етем. Анығында адам баласы сөзсіз, зиянда, тек иманға келген әрі ізгі амал жасаған және бір-біріне сабырды насиқат етіп, өсиеттегендерден басқалар» деген. (Асыр сүресі, 30 пара).

Сол өзіміз қарсы шапқан құндылықтар болмаса, ең әуелі адаммын деудің өзі артық. Таң қалатының, оған өзіміз қарсы тұрдық, осыдан кейін біз кереметпіз деп айта аламыз ба?  Алдымен қазақ тіліне қарсы тұрдық, одан ділге жаулық таныттық. Дінге келгенде жауға шапқандай болдық. Оның дәлелі тарихи сана қалыптастырған асылымызды аяқ асты еттік. Мектеп оқулықтарында Кенесары ханды халық жауы деп оқыттық. Шұрық еткен пенде жоқ, қайта зұлымдықты батырлық,  алдамшыны іскер, шындықты жалған, ақты қара дедік. Дінге келгенде байбалам салып, тіпті құтырындық. Дұшпанға да тілемейтін  сөздер айттық. Құдайсыздық дерті буын құртына айналғаны сонша, алдымен орамал мен сақалға жармастық...

Мұның ең жаманы: берісі аталарымыз, арысы Аллаһ елшісіне қарсылық таныту екенін түсінбедік. Адами құндылықты араша таладық, Ислам туралы сауатсыз трактариске дейін үкім шығаратын болды. Ақыл есі енді кірген шынашақтай қыз патша туралы ғайбат айтатын бір түрлі кезең, бір түрлі қоғамға келіп, маңдайымызды аямай соқтық. Санасы барлар іштей ышқынған, шыңғырған кез! Қазаққа тән болған ұяңдық пен арды аяққа таптаған, обал болады деген опалы сөздің өзін тепкілеп тұрып терең көмген, нәпсі бездерінің безгегін жырлайтын роликтер мен әңгімелер салтанат құрған, жазықсыз адам ұру мен зина үшін мақтанатын есі ауысқан дәуірге аяқ бастық. Белгілі ғалым Ибн Баздың сөзі бар: «Кім ақыретім күйсін десе, ғалымдарды тілдесін, дүнием күйсін десе, патшаларды жамандасын» деген.

Мен білетін Бекболат осы додаға түсті де кетті. Өйткені ақылы бүтін, иманға келген адам мұндай толассыз оспадарлықтарға үнсіз қарап тұруға қақысы жоқ еді. Тілі шықпаған билік аса жаратпады Бекболатты. Бақсы, балгер, көріпкел, құдайы тамақты дін деп білген халық өзіне оны жат санады. Екі таудың ортасында қалды. Сонда да  исламға шақырды, таухидты темірқазық қылып үндеді.

[caption id="attachment_12090" align="alignright" width="448"]Бекболат Тілеухан Бекболат Тілеухан[/caption]

Оның ақиқаттың үстінде тұрып таухидты уағыздағанын қастерлейтін едік,  алайда бүгінгі тірлігі не?  Төбемнен Түннің мәйегі ұшып өткен ұшақтың қанатында сорғалап ағады...Жалғыздың үнін, жаяудың шаңын басқан марғау түнді аяймын.

Осы жерде мазмұнды ашу үшін кілтең жерден кілт ретінде сақтап отырған екінші бір кейіпкерді айтуды жөн көрдім. Демек, оқиға мазмұнымен тас түйін байланысты болғандықтан айтамын. Есімі қазақтың азаттығымен байланысты Желтоқсан қозғалысының бірегей қайраткері Талғат Рысқұлбек Ноғайбайұлы болатын. Бұл жерде оқырман Бекболат пен Талғаттың не қатысы бар деп шамырқануы мүмкін. Шынымен де еш қатысы жоқ. Салыстырмалы әдебиет деген бар, бір нәрсенің мәнін терең ашу үшін қолданылатын. «Абай мен Әбділда тең бе?» дейтін Ықылас Ожай досым.

Сол сияқты Бекболат пен Талғат тең емес. Ең әуелі ат-атағымен емес, майданының беріктігінен тең емес. «Биіктен құлаған тас қандай ғажап, сынғанымен қалады тас қалпында» дегендей, Талғат дәл осындай алған бетінен қайтпайтын тастай берік рух иесі. Бүгінгі Қазақияда таухидты ұстанып жүрген бауырлар жетерлік, алайда соны тоқтаусыз ашып айтып жүрген санаулы ғана. Соның бірі – Талғат.
Оның ақиқаттың үстінде тұрып таухидты уағыздағанын қастерлейтін едік,  алайда бүгінгі тірлігі не?  Төбемнен Түннің мәйегі ұшып өткен ұшақтың қанатында сорғалап ағады...Жалғыздың үнін, жаяудың шаңын басқан марғау түнді аяймын.

Ақиқат пен ар алдында адал қызмет етуді парыз санаған, «Күніне мың пәлеге жолықсаң да,Сонда да күдер үзбе бір Алладан» деген тағылымды жүрегіне орнықтырған, империялық пәрменнің соққысына шыдас берген, азаттық пен қазақтықты сақтау үшін иманның ауадай керек екенін терең түсінген Қазақияның саусақпен санарлық батырларының бірі. Білегінің  күші бар, жүрегінің күші жоқ қаншама ессіз спортшыларды батыр деп келдік, жалаңаштанған есер эстрадашыл әйелдерді жұлдыз деп келдік. Бұл деген масқара ғой.

Ең бастысы, рухани әлемі туралыққа бағытталған Құдайдың құлы, адамның ұлы. Пенделіктен азат, азаттықпен бір туысқан Ноғайбай отбасында дүниеге келген, қазақтың даңқты эстафетасы, намыс феномені Қайраттың тете інісі. Қайрат кезінде шағын ауылдан үлкен қалаға ұласқан қара төбелестерде жеті-сегіз содырды жалғыз өзі сұлататын мықтылыққа сай қорқу дегенді білмейтін, атынан ат үркетін ерегіскенін екпеттетпей тынбайтын  шалымды да алымды жігіт болды. Ұлтшыл Қайрат өзге ұлт өкілдеріне рухын бермей, Талғатты ертіп барып жағаласқанын жапырып қайтатын.

Бір сенсе, Талғатқа  ғана сенген. Түрмеден рухани тірек қылып хат жазыпты тұтқындалғаннан кейін: «Менің жазамды, өздерің естігендей, ату жазасын 20 жылға  ауыстырды. Бұл, әрине, біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұған еш қуанғам жоқ. Менің бұл өмірде сенерім – інім Талғат қана. Ол мен білетін Талғат болса, мені түрмеден шығармай тынбайды. Айтқанынан қайтпайтын қайсарлығы бар» деген. Айтпағым, азаттықтың алдаспаны Қайраттың сүйеніші осы інісі Талғат екенін көп адам білмеуі мүмкін. Бүгінгі бейбіт қоғамда тыныштықты түртпектеп батыр болғандарға таң қалам.  Қайраттың әкесі Ноғайбай қайтыс болғанда елдің түкпір-түкпірінен сен тұр, мен атайын деген мықты жігіттер қарақорым болып қопарылып келген.
Аталарымызда, исламда туған күнмен құттықтау бар ма еді? Мүлдем жоқ екенін, мұндай үрдістің орыстардан жұққан дерт екенін басқа білмесе де, Бекболат мырза білуге тиіс қой. «Паровоз қалай маңса, вагондар солай жүйткиді» деген сөз бекер емес. Адасты дегенім осылар. Әркім өз нәпсі қалауымен түрлі діннің жаңалықтарын қоса берсе не қалады исламнан?

Сол күні Ноғайбаймен тұрғылас досы Жуасбай да жеткен, елуді еңсерген бұл кісінің қайратына қайран қалып жұрт аңыз етеді. Тік секіріп тұрған асауды айт деп бір ақырып, жым қылады екен. Жануар дір-дір етіп, азаматтың ырқына көне беріпті. Сосын құлақтан ұстап, жерге алып ұрғанын көргендер жыр ғып айтады. Құрыштан құйылғандай батыр қария дауысын көтеріп, сол кездегі жырынды рэкет атанған мықтыларға қарап: «Сендер мына Қайраттың даңқына бола келдіңдер, Ноғайбайды білмейсіңдер. Қайрат Ноғайбайдың төбелі ғана, нағыз қасқа, айтулы көкжал мына Ноғайбайдың өзі болатын, нағыз батыр еді ғой» депті. Демек,Тек деген сөздің тұнығы тереңде екені осыдан да белгілі.

[caption id="attachment_12091" align="alignright" width="336"]Талгат Талғат Рысқұлбеков[/caption]

Сүттен ақ, күннен жарық ақиқатты айтудағы батылдығы қуантады дейді біраз адам. Енді бір қырынан қарағанда ақиқатты айтқан адамды көптеген адам ұната бермейді, себебі, хакім Абай айтады ғой: «Көпте ақыл жоқ, ебін тауып, жөнге сал» деп. Көпте әділдік жоқ екені жасырын емес. Әлихан Бөкейханның «халыққа қызмет ету білімнен емес – Иманнан» деген аталы сөзін жақсы түсінген Талғат Рысқұлбековті көп адам түсінбей жүрсе, шара не.

Сонымен басында Бекболатты адасты деп ой қозғаған едік. «Алтын көрсе, періште жолдан тайыпты» дегендей. Не үшін олай болғаны соқырға таяқ ұстатқандай анық нәрсе. Ақша мен билікке сатылғанын таухидтағы бауырлар және басқалар айтып жүр... Бұл автордың өз сөзі десеңіздер, қателесесіздер. Бұлда таңқалатын нәрсе емес. Ақша кімнің бағытын өзіне бұрмаған?.. Ақида мен таухид бір далада қалды... Шен мен шекпеннің қамын күйттеп кеткендей көрінеді де тұрады... Әлде әртүрлі қыспақтарға шыдас бермеді ме екен?..

Өткен қыста ШҚО-ның бас имамы жаңа жылды тойлауға болады деп қолдау білдіргеніне ренжіп жүргенде, «Май іздесең, міне, құйрық» дегендей, Бекболат Қазақстан телеарнасында наурызды құттықтап отыр: «Ұлыс оң, ақ мол болсын!» деп. Наурыз «Жаңа күн» деген парсылардың сөзінен келген Әкула мазда деген от құдайына табынатын мереке. Аллаһ Құранда «Исламға толық кіріңдер» дейді.  Діннен аз хабары бар адамның бәрі біледі бүгінде. Имамдарда бұл мерекенің дінімізге жақын еместігін ара-тұра айтып жатады.

Аллаһ елшісінің (с.а.у) хадис шарифінде: «Екі айттан басқасын құттықтаған бізден емес» деген. Демек, бидғат үлкен күнадан да ауыр дейді ғалымдар.  Және бірде Бекең – Бекболат Тілеухан мырза фэйсбук әлеуметтік желісінде БАҚ-та істейтін көз танысының баласының туған күнін құттықтап жатты. Жалпы, төңірегінде жүргендер жаппай туған күн құттықтау әдетке айналғанын айтады. Аталарымызда, исламда туған күнмен құттықтау бар ма еді? Мүлдем жоқ екенін, мұндай үрдістің орыстардан жұққан дерт екенін басқа білмесе де, Бекболат мырза білуге тиіс қой. «Паровоз қалай маңса, вагондар солай жүйткиді» деген сөз бекер емес. Адасты дегенім осылар. Әркім өз нәпсі қалауымен түрлі діннің жаңалықтарын қоса берсе не қалады исламнан?

Осы жерде кезіндегі парсы патшасы Иракил мен мүшрик Әбусуфиян (кейін мұсылман дініне кіреді) туралы айта кетсек. Иракил: – Оның (Аллаһ елшісі с.а.у) дініне кіргеннен кейін шыққан адам бар ма? – дейді.

Сонда Әбусуфиян: – Оның дініне кірген адам шыққан емес, – дейді.

Парсы патшасы: – Нағыз ақиқат дін осындай болады, – дейді. Партияға кіріп, қайта шығып кеткен сияқты, өз ұсқынымызға күлкім келеді. Бұл жерде ешкімді сөкпеймін де. Жәннатта кедейлер көп болады дейді Аллаһ елшісі Мұхаммед (с.а.у). Бұл да тегін емес шығар!

 Серік БОҚАН


 

Рекомендовать
Последние новости