Баян Есентаева: "Мен әлі де өмір сүріп, әлі де сүйгім келеді"

Dalanews 17 июн. 2016 22:20 853

Соққыға жығылған Баян Есентаева өзіне қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын айтты.

"Түнерген сәттен кейін әрдайым күн шығады! Мен әрдайым білетінмін! Күнді бұлттармен, найзағаймен, жаңбырмен жабуға болады, бірақ шын мәнінде жарқыраса, шуағы міндетті түрде сыртқа шығады! Дұға тілеп, қолдау білдіргендеріңіз үшін, мейірімдеріңіз үшін және түсіністікпен қарағандарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтамыз! Менің бар өмірім, бар үмітім, бар арманым тек жақсылықпен, мейірімділікпен, жарқын сәттермен байланысты болады! Сіздердің дұға-тілектеріңіздің арқасында шығар, мен әлі де өмір сүргім келеді, сүйгім келеді!", - деп жазды Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Соңғы рет мамандар Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлаған болатын. "Емделуші әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Орташа ауыр деп айтуға болады", - деді аурухананың емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам екі айға қамауға алынды.


Дереккөз: kaz.tengrinews.kz


Рекомендовать
Последние новости