Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2 жыл білім ала отырып, талай дүниені ұғынып жатқаныма дән ризамын. Отандық білімнің «қара шаңырағы» болып саналатын бұл орда елімізге, саясатымызға, инновациялық даму жолында талай мықты әрі қайталанбас кадрларды даярлайды. Тіпті, өткенге көз жүгіртетін болсақ, Олжай Сүлейменов, Әбіш Кекілбай, Зейнолла Қабдолов, Әзілхан Нұршайықов, Дулат Исабеков, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Мағауин сыңды еліміздің талай беделді қайраткерлері дәл осы «ұяның» түлектері, әрқайсысы ел тарихында ойып тұрып, алтын әріппен есімдерін жазары сөзсіз. Осындай аталарым, ел сыйлаған, халық мойындаған азаматтар білім алған ордада оқу мен үшін, шыны керек, үлкен мәртебе, бақыт! Сол себепті болар, білмеймін, бірақ келешекте мен де еліме пайдалы, үлес қосарлық азаматша болуды шын көңіліммен қалаймын. Мемлекет жастарға сапалы білім беруде еш аянбайды, барлық дерлік жағдай жасалған, ендігі кезекте біздер, студент-жастар, барлық артылып отырған үміт-сенімді ақтау керекпіз, солай емес пе?!
Бақуатты студент деген кімдер? Ол - әрине біздер: отансүйгіш, патриот, жалынды да жігерлі, Мағжан Жұмабаев айтқандай: «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастар», саналы, салиқалы, рухты азамат пен азаматшалар. Елбасымыздың тірегі де біз – Қазақстанның жарқын болашағы
Қытайтану кафедрасы
«Шығыстану» мамандығының
4-курс студенті: Скатова Диана.
Жетекшісі: Шәріпқазы Нұртәліп