Банктерге клиенттерді онлайн тексеру кезінде биометрияны қолдану міндеттелді

Кәмшат Тілеухан 14 июл. 2025 11:54

Банктерге клиенттерді онлайн тексеру кезінде биометрияны қолдану міндеттелді. Жаңа ережелер бақылауды күшейтіп, күдікті ақша аударымдарын бұғаттауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанда қашықтықтан адам басын тексеру ережелері күшейтілді. Енді банктер клиентті тек код немесе қолтаңба бойынша ғана емес, сонымен қатар бет немесе саусақ іздері сияқты биометриялық мәліметтер бойынша да тексеруге міндетті. Бұрын банктердің қалауы бойынша жасалатын бұл амал енді қатаң талапқа айналып отыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысында қамтылған.

Енді шотты онлайн ашу немесе картаны қайта басып шығару үшін бір SMS-код жеткіліксіз болмақ. Жаңа ережелерге сәйкес:

  • банктер клиенттің фотосуреттері мен видеосын арада байланыс үзілсе де кем дегенде бес жыл сақтауы керек. Мұның алаяқтықпен күресте септігі бар.  
  • қаржы ұйымдары 21 жасқа толмаған казино мен букмекерлік кеңселерге ақша аударымын жаса, оны бұғаттауы міндетті. Бұл шектеу жастарды құмар ойындардан және қаржылық шығындардан қорғау үшін енгізілді.

Жаңа шаралар Қазақстанда жұмыс істейтін барлық банктерге қатысты.

Сондай-ақ елімізде тігілген ставкаларды есепке қоюшы бірыңғай жүйе енгізілмек. Ол бойынша Қазақстанда бәс тігушілердің барлығын онлайн бақылауға қол жеткізіледі. Бұл, өз кезегінде, құмар ойынға жіберілмеуі тиіс тұлғаларды анықтауға көмек болады: сот шешімімен құмар ойындарға жіберілмейтіндер, мойнында көп қарызы бар адамдар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының және арнайы орган өкілдері және 21 жасқа толмағандар.


Рекомендовать
Последние новости