Банкорттан аман қалған кәсіпорын. Қарметке 100 күн

Dalanews 05 апр. 2024 10:22 7195

Ұзақ жылдар бойы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық Қармет комбинатын әбден тұралатып, банкортқа түсірудің сәл ғана алдында тұрған. Өткен жылы шахтадағы қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасымен “Арселор Миттал Теміртау” АҚ отандық инвесторға берілді. Осыдан кейін Митталға ребрендинг жасалып, жаңа инвестор кәсіпорынға бұрынғы өзінің тарихи “Қармет” атауын қайтарды. Комбинаттың тарихи атауы ондағы қызметкерлер мен жергілікті тұрғындардың да көңілінен шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қармет комбинатын ұйымдасқан қылмыстық топ тонап келген

Қарағанды металлургия комбинаты 50-ші жылдары сол кезеңдегі жақсы стандарттар бойынша салынған Кеңес Одағының ең үлкен өнеркәсіп нысандарының бірі болды. Ондағы көмір және марганеці бар шахталар тіршілік көзін қыз-қыз қайнатып, керекті өніммен толықтай қамтамасыз етіп отырды. Комбинат құрылысқа қажетті барлық өнімдерді, құбыр түрлерін, автокөлікке керек болаттарды, арнайы болаттардың барлық түрлері бойынша ішкі және сыртқы сұраныстарды толық қамтамасыз етті. Алайда алуан түрлі өнім жасау өкінішке қарай келмеске кетті. Ұлттық қазына шетелдік инвесторға берілді. Оның жұмыс тәсілдері, өкінішке қарай қорқынышты салдарға әкеліп соқтырды. Отандық инвестор ұзақ жылдар бойы кәсіпорынның бүйірін теспей сорып келгендігін. комбинатты сатып алғаннан кейін ғана толық бағалаған.

“Қармет” бас директорының орынбасары Талғат Темірханов айтуынша, комбинат ресми түрде отандық инвестордың қолына өткеннен кейін кәсіпорындағы барлық былықтардың беті ашыла бастаған. Қоймалардағы шойын мен металдың үздіксіз өндірісін бірнеше айға дейін .қамтамасыз етуі керек шикізат .бір аптаға жетпей тауысылып, тұрақты жұмыс істеуін тоқтатқан. 8 шахтаның тек 3-і ғана көмір өндірген. Кеніштерде жұмыс жаңа технологияларсыз .қолмен жүргізілген. Қажетті шикізат басқа компаниялардан сатып алынған. Стратегиялық тұрғыдан өте сәтсіз шешімдер жасалған. Компанияның жеткізушілер алдындағы сыртқы қарызы айтарлықтай қордаланып қалған. Бұның бәрі шикізат пен дайын өнімді комбинаттан ұйымдасып ұрлауға жол берілген. Кәсіпорындағы ұрлық-қарлық комбинат жұмысын тұралатып, банкротка түсіруге таяған. Қармет ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ .жұмыс істегендігін жүргізілген сараптама қорытындысы анықтаған. Сараптама аясында 60-тан астам қылмыстық іс қозғалып отыр.

“8 желтоқсанда біз компанияны қабылдадық. Жүргізілген аудит кәсіпорынның табыс әкелмегендігін және жасанды түрде қолдау жасалғанын көрсетті. Енді болмағанда кәсіпорын өз тарихын банкроттықпен аяқтайтын еді. Мұндай жағдаймен компания шетел тұрмақ Қазақстан нарығын да қамти алмады. Еліміз болат парақтарын шетелге сатқанымен олардан өз металынан жасалған өнімдерді қымбат бағамен сатып алды. Бұл дегеніңіз республика өнеркәсібін .құрдымға жіберіп қарап отырғандай. Осы орайда .мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дер кезіндегі шешімін маңызды болды”, - дейді “Қармет” бас директорының орынбасары Талғат Темірханов.

Бүгінгі қызмет, ертеңгі міндет

Отандық инвестор “Қарметтің” алғашқы 100 күнін қорытындылады. Осы аралықта комбинаттың шикізат қоры тұрақтандырылды. Кәсіпорын аудитін жүргізу үшін BSG сияқты халықаралық кеңесшілерді тартты. .Осы жұмыстың қорытындысы бойынша компанияның барлық олқы тұстарының нақты көрінісі және оларды шешудің кешенді бағдарламасы жасалынған. Тоқтап қалған шахта жұмысы қайта жанданды. Көмір өндіру ісі қолға алынды. “Қармет” мәліметінше .жылдың соңына қарай 6 жұмысшы шахтасын толық іске .қосу жоспарланған. Бұл ретте ұңғыма бригадаларының саны екі есеге артып отыр. Өндіріс орындарындағы газды .мерзімінен бұрын газсыздандыруды жүзеге асыру қолға алынуда. Атап айтқанда жерасты жұмыстарының мониторингі жүйелерін, кеншілерді позициялау жүйелерін әзірлеушілермен жұмыс атқарылып отыр. Әлемдегі жетекші тау-кен металлургия компанияларындағы тәжірибелер, .заманауи технологияларды қолдану зерттелуде. Талғат Темірхановтың сөзінше, бүгінде барлық бағыттар бойынша дағдарыс менеджерлер тобы жұмыс істейді. “Қармет” үшін басты міндет – компанияның тынысын ашу, 35 мыңдық ұжымды қауіпсіз жұмыспен және тұрақты еңбекақымен қамту.

Болашаққа жасалған инвестиция және 100 пайыз отандық өнім

Жаһандық деңгейде құны жоғары өнімдерді шығаруды көздеп отырған компания өндіріске 3,5 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеген болатын. Соның 1,3 млрд долларын биыл жұмсау жоспарланған. Халықаралық нарық жағдайында .бәсекелестерден артта қалып отырғанымыз анық. Сондықтан бізге металдың жаңа сорттарын өндіруді жолға қою аса маңызды.

Осы мақсаттар үшін заманауи өндіріс қажет. Сондықтан “Қармет” 2028 жылға қарай 9 млн тонна көмір, 5 млн тонна темір кені концентраты мен 5 млн тонна болат өндіруге мүмкіндік беретін үлкен жаңғырту жұмыстарын жүргізуді көздеп отыр. “Қармет” өкілінің айтуынша кәсіпорын Қазақстан нарқын бірнеше салада сапалы металмен 100 пайыз қамтамасыз ететін мүмкіндігі бар.

Теміртау газдан арылып, трамвай көлігі қайта жүреді

 “Қармет” халық алдындағы жауапкершілікті жақсы түсінеді. Аймақтағы елді алаңдатып отырған мәселенің бірі - экология. Отандық компания бірінші кезекте қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайту жөніндегі жобаны қабылдады. 2025 жылы комбинатты толығымен газға қосу аяқталмақ.

Цех қызметтері де біртіндеп көгілдір отынға қосылады. Бұл қара түтін шығаратын мазут пайдалану шегеріледі. Күні кеше ғана комбинатқа қажетті газ көлемі бойынша негізгі шешім қабылданды. Энергетикалық кеңестің стратегиялық шешімі кәсіпорынның серпінді дамуына .мүмкіндік беріп отыр. Теміртаулықтар үшін маңызды жаңалықтың бірі - көлік жолынан алынып тасталған трамвай көлігін іске қосу биылдан бастап қайта жанданады. “Қарметтің” қызметкерлері Теміртауда ғана емес, көптеген кеншілер Шахтинск, Саран, Абай қалаларында тұрады. Бүгінгі таңда ел Үкіметінің қолдауымен моноқалаларды қалпына келтірудің кешенді жоспары әзірленуде. Оған білім беру бағдарламалары, тұрғын үй, инфрақұрылым мәселелері кіреді. Осы ретте бұл қадамдар аталған қалалардың жағдайына оң әсер ететіні анық. Ал бұл Қармет компаниясы үшін өте маңызды.


Рекомендовать
Последние новости