Балаларға вакцина салынуы мүмкін

Dalanews 27 мая 2021 07:12 776

Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мектеп оқушылары үшін «BioNTech-Pfizer» вакцинасын резервтеу қажеттігі туралы айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау ведомствосы басшысының айтуынша, балалар үшін «BioNTech-Pfizer» вакцинасын сақтау – жазғы демалыстан кейін Германияның орта мектептерінің ашылуын қамтамасыз етудің тиімді әдісі. Осылайша тамыз айының соңына қарай вакцинаны барлық мектеп оқушысына ұсынбақшы.

Неміс және америкалық компаниялар бірлесіп шығарған вакцина – бұл 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында қолдануға арналған Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің сараптамасынан өтіп жатқан жалғыз препарат.

Германияда барлық неміс жерінде мектептерді жабудың және қайта ашудың бірыңғай ережелері бар. «Шұғыл тежеу» механизмі, егер ауру деңгейі қандай да бір әкімшілік бірлікте 100 мың адамға шаққанда жаңа COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны 165-тен асып кетсе, мектептерде сабақ беру толығымен тоқтатылатынын білдіреді.

Егер ауру деңгейі осы деңгейден төмен түссе, қашықтан және күндізгі оқу форматы енгізіледі. «BioNTech-Pfizer» вакцинасын Канада мен АҚШ 12-15 жас аралығындағы балаларға қолданады.

Рекомендовать
Последние новости