Әзербайжаннан қауіпті күдікті экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 22 мая 2024 17:11 2463

Алаяқтық жасағаны үшін күдікті Әзербайжаннан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Әзербайжаннан жеткізді.

"Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген", - деп жазылған хабарламада.

Одан бөлек 2022 жылғы қаңтарда ол алаяқтық жолмен "Toyota Land Cruiser" көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі таңда күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Осы қылмыстарды жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости