Азат Перуашев бастаған «Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы Шымкентке келді

Dalanews 25 дек. 2020 00:26 911

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті. Осы ретте «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы партия көшбасшысымен бірге оңтүстік мегаполисте бірнеше кездесу өткізді.

Бірінші кезекте «ақжолдықтар» Шымкент қаласындағы №53 орта мектепте болды. Аталмыш мектепте 2 мыңнан астам оқушы оқиды және 200-ге жуық мұғалім жұмыс істейді. «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, білім беру саласындағы проблемаларды жою жөніндегі жұмыстар туралы айтып берді.

Бұдан кейін партия мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қойып, «Ақ жолдың» қалалық филиалының үгіт-насихат автошеруіне қатысты.

Сонымен қатар, «ақжолдықтар» «СКАТ» әуекомпаниясының басшылығымен және ұжымымен кездесті. Кездесу барысында халықаралық әуежай құрылысы мәселелері талқыланды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан инвестор нысанда негізінен отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланыланылып, жұмысқа жергілікті кадрлар да тартылып жатқанын алға тартты. Төрт қабатты жаңа терминал құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін сағатына 2 мың жолаушыны қабылдай алатын мүмкіндікке ие. Әуекомпания президенті Владимир Денисовтың айтуынша, бұл үлкен авиациялық хаб болмақ. Өз кезегінде «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев мегаполисте нысан салудың маңыздылығын атап өтті.

– Еуропа мен Азия арасында орналасқан ел ретінде Қазақстанның көлік және логистика саласындағы болашағы зор. Теміржол көлігімен контейнерлік тасымалдау көлемінің күрт өсуі байқалады. Біз авиациялық хабтардың әлі де тиісті дәрежеде бағаланбайтынын байқап отырмыз. Мұндай нысанның ашылуы транзиттік тасымалдарға бағытталған, жалпы ел дамуының жаңа кезеңін ашады деп ойлаймын, – деді Азат Перуашев.


Саяси ұйым жетекшісі «Ақ жол» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, партияның кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі жұмысы, әлеуметтік саладағы бастамалары, қол жеткізген оң нәтижелер туралы айтып берді.

– Карантин халықтың кедейлігінің өсуіне алып келді, кез келген мемлекеттің әлеуметтік тірегі болып отырған шағын және орта бизнес жұмысын тежеді. Бюджет қана емес, Ұлттық қордан алынатын трансферттер де ағымдағы қажеттіліктерге жұмсалуда. Мемлекеттік институттарға деген сенім төмендеді. Оған қоғамның билік монополиясынан шаршауына да әсер етті. Елдің әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ саяси жүйелеріне түбегейлі өзгерістер қажет. Бұл өзгерістердің орнауы сөзсіз, тек бастысы оларды саналы түрде жүзеге асыру. «Ақ жол» демократиялық партиясы осындай өзгерістер бағдарламасын ұсынады, – деп атап өтті Перуашев.

(Материал ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаржысы есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости