Ахмет Байтұрсынұлы мектептерді қазақыландыруға баса мән берген – ғалым

Dalanews 03 сент. 2022 04:13 1063

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы Ахмет Байтұрсынұлы өз дәуірінде мектептерді қалай қазақ қыла аламыз, мазмұнын қалай қазақ балаларына икемдей аламыз деп алаңдағанын айтты.

– Тарихымызды ғалым да, даналарда көп. Бірақ ешбірі араб жазуын қазаққа бейімдей алған жоқ. Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеген сөзімідегі әрбір дыбыс мен әріпті арабша жазуымен жеткізді.

Төте жазуымыздың негізін қалап берді. Бұл мың жылда бір келетін ілім. Өйткені мұны жасау үшін үшін адам миының күші ерекше болуы керек.


Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегі ескерткішінде бір дыбысты бір таңбамен белгіленген.

Адамзат бір дыбысты бір таңбамен беруі үшін кем дегенде 2 мың жыл жүрген. Көріп отырғанымыздай, Ахаңның қолынан мұндай ұлы іс келген, – деді Дихан Қамзабекұлы  «Атадан ұлағат – ұрпаққа аманат» атты кездесуде.

Рекомендовать
Последние новости