"Ауыл" партиясы ветеринария жүйесін жаңа цифрлық платформаға жедел ауыстыруды жақтайды

Dalanews 25 февр. 2023 04:11 926

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2023 жылдың 25 ақпанында Ақмола облысы Ақкөл ауылында ветеринариялық қызметкерлер мен шаруашылық басшылары арасында өткізілген сайлау алдындағы үгіт-насихат барысында ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің тапсырмасы бойынша Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты әзірлеген «Мал дерек» жаңа цифрлық платформасын қолдай отырып, ветеринария жүйесін жедел цифрландыруды жақтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Партия төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде мал шаруашылығын дамытуда, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыруда ветеринария жүйесінің маңыздылығын атап өтіп, партия мүшелерінің бұл іске белсенді қатысуына ерекше назар аударды. Ол сондай-ақ бүгінде бүкіл өркениетті әлем цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып дамып келе жатқанын атап өтті және партияның ауыл шаруашылығында, оның ішінде ветеринарияда цифрландырудың алдыңғы қатарында болуға деген ұмтылысын атап көрсетті.

Шарада сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Рабиға Тоқсейітова мен Анас Баққожаев ветеринария жүйесін дамытуды, оны заманауи жұмыс әдістеріне ауыстыруды, ветеринарлық мамандар беделін арттыруды, оған жастардың келуі үшін жағдай жасауды жақтады. Аталған саланы цифрлық форматқа толық көшіру –ветеринариялық мамандық беделін арттырудың басты шарттарының бірі. Спикерлер партия ауыл тұрғындарының бас қорғаушысы ретінде ауыл мен ауыл шаруашылығы мәселесін шешу жолындағы күрестің басында болатынын айтты.

 

Рекомендовать
Последние новости