Аудан мектебінде психологиялық ауытқуы бар адам да, сотталған адам да жұмыс істеп келген

Сағыныш Сардарова 01 февр. 2024 13:57 901

Шығыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде мектептегі заңсыздық анықталды. Өңірдегі білім беру мекемелерінде бұрын сотты болған адамдар жұмыс істеп келген. Тіпті оның біреуі - мұғалім, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жағдай Самар ауданында болған. Аудан прокуратурасы мәліметінше, қылмыстық тарихы бар адамдар мектепте еркін жұмыс істеп жүрген.

Осылайша Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3-тармақшасы бұзылған.

"Аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеді. Сондай-ақ, психиатриялық ақауына байланысты "Д" есебінде тұрған 1 адам (көмекші қызметші) жұмыс істеген", - деп жазылған Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәліметінде.

Бұл адамдармен арадағы еңбек шарттары бұзылды, кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Заңнамада көзделген шектеулері бар педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысы 25 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 25 АЕК дегеніміз - 92 мың теңге.

 


Рекомендовать
Последние новости