АТУ студенттері «Қайрат» футбол клубымен кездесті

Dalanews 25 мая 2018 03:53 953

Алматы технологиялық университетінің студенттері «Қайрат» футбол клубында қонақта болып, балалық кумирлерімен кездесті. Қызықты ақпараттар алып, футболшы мамандығының құпия шымылдығын ашты.



АТУ студенттерінің балалық армандарына қол жеткізуге осындай керемет мүмкіндік туды. Олардың әрқайсы сөзбен жеткізе алмайтын қуанышқа, жарқын әсерге, жайдарлы жантолғанысқа бөленді. Әрине, бұның бәрі қалыпты, себебі «Қайрат» футбол клубын күнде көре бермейді ғой. АТУ – клуб тарихында футболшылармен жүздесіп, олардың өмірлерімен танысқан екінші университет болып табылады.

Шегі көзге көрінбейтін үлкен аумақ, жаттығуларға арналған қысқы және жазғы алаңдар, хай-тек стиліндегі ғимарат, ең жаңа технологиялық жабдықтармен қамтылған спорттық және қалыпқа келтіру залдары, және спортшыларды тез әрі оңтайлы қалпына келтіруге арналған инновациялық құрылғылар. Осының бәрін толықтырып, салтанатты ажар беріп тұрған ерекше пейзаж да басты назарға ілікпей қалмады. Аумақты қоршаған таулар «табиғи қоршау» секілді, жеңіл самал жел, күмбез аспан бұл төңіректі ерекше атмосфераға бөлеп тұр. Бұл картина бір көргеннен-ақ, адам жадында біразға дейін сақталатыны сөзсіз.

Бұл эстетикалық көріністерден бөлек, танымал футболшылардың жаттығуларын тамашалау мүмкіндігі тиді. Міне Уго Сильвейр шабуылға шықты, оның добын Исаэль Барбоза қағып алып, оны жартылай қорғаушы Андрей Аршавинге тепті. Тіпті осындай сақ спорт түрінде мұқият тактиканы, ойын шеберлігі мен грацияны көруге болады.

Футбонаут, арнайы мәзір, сауналар, моншалар, температурасы - 60 және -110 дәреже болатын бөлмелер, бассейн, бұлшықеттерді қалыпқа келтіру реттегіштері, жарақаттардан кейінгі оңалту, сондай-ақ әр ойыншыны жеке дайындау. Осылайша, келушілер Алматы футбол клубы «Қайраттың» тыныс-тіршілігін ішкі жағынан көре алды. «Жүз рет естігенше, бір рет көр» демекші, ең дұрысы өз көзіңмен көріп, естіп, таңданыс әсерін алу.

 АТУ Медиа орталығы

 

https://dalanews.kz/36115

Рекомендовать
Последние новости