"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры ұсталды

Сағыныш Сардарова 17 июн. 2024 11:32 2896

"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлыққа қатысты қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты соталды тергеу жүргізуде.

"Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті. Бұдан бөлек көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пиғылда пайдаланғаны үшін күдікті", - деп жазылған мәліметте.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жария етпеді.


Рекомендовать
Последние новости