"Әртістерді ұлықтауды қояйықшы". Желі қолданушысы журналистерге үн қатты

Сағыныш Сардарова 10 мар. 2026 11:10

Әлеуметтік желіде журналистердің контентіне қатысты сын айтылды. Желі қолданушыларының бірі медиа өкілдерін шоу-бизнес өкілдерімен сұхбатты азайтып, қоғамға пайдалы салалардың мамандарына көбірек назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Динара Сәтжан және өзге де журналистерге қарата жазба жариялаған желі қолданушысы өнер адамдарының қатысуымен жасалатын материалдар көрерменді жалықтырғанын айтқан. Оның пікірінше, бірсарынды әрі мазмұны жеңіл әңгімелер аудиторияның қызығушылығын төмендетеді.

Сондай-ақ, жазба авторы оқырмандарды да белсенділік танытпауға үндеген. Ол көрермен азайса, журналистер де студияға эстрада жұлдыздарын жиі шақыруды доғарады деп санайды.

Желі қолданушысы сұхбатты ғалымдармен, ІТ мамандарымен, дәрігерлермен, педагогтармен, кәсіпкерлермен, инвесторлармен және саяхатшылармен көбірек ұйымдастыруды ұсынған.

Пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove