Арменияда наразылық акциялары жалғасуда

Dalanews 23 апр. 2018 11:26 868

Арменияда он жыл бойы билікте отырған экс-президент Серж Саргсянның премьер-министр болып тағайындалуына қарсы наразылық акциялары бүгін қайта жалғасты.



Осылайша бұл елде ереуілдер 11 күн қатарынан жүріп жатыр. Ереванда таңертең студенттер қала орталығында ереуіл бастады. Армения астанасындағы басты көшелерде қозғалыс тоқтады. Елдегі үшінші ірі қала саналатын Ванадзорда жергілікті "Глория" тігін фабрикасының жұмысшылары ереуілдеп жатыр.

Ереуілдегілер оппозиция жетекшісінсіз қалды: 21 сәуірде Армен Григорян мен Давид Санасарянды, 22 сәуірде – "Азаматтық келісім" оппозициялық партиясының және "Елк" парламенттік фракциясының басшысы Никол Пашинянды, сонымен бірге депутаттар Сасун Микаелян мен Арарат Мирзоянды ұстады.

Саргсянның премьерлікке тағайындалуына қарсы акциялар 13 сәуірде басталған. 17 сәуірде парламент экс-президент Саргсянды премьер-министр қызметіне тағайындады, одан соң Никол Пашинян "барқыт революциясы" басталғанын жариялады. Оппозициялық саясаткер және оның жақтастары бейбітшілік ереуілдер арқылы билікті өзгерткісі келеді.

Жексенбі күні Пашинин мен Саргсянның келіссөзі өтті, бар болғаны үш минутқа созылған кездесу нәтижесіз аяқталды.

Рекомендовать
Последние новости