Армения ҰҚШҰ-ға жарна төлеуден бас тартты

Қаракөз Амантай 31 мар. 2025 16:16 899

Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бюджетіне жарна төлеуден бас тартты. Армения Сыртқы істер министрлігі Ереванның бұл шешімі туралы ұйымның хатшылығын ресми түрде хабардар еткенін мәлімдеді. Әңгіме өткен жылдың жарнасы туралы болып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Армения 2024 жылғы ҰҚШҰ бюджеті туралы шешімге қол қоюдан бас тартады және, тиісінше, ұйымның қызметін қаржыландыруға қатыспайды”, – делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

Министрлік сондай-ақ ҰҚШҰ ішкі ережелеріне сәйкес ұйым бюджетінің егжей-тегжейі көпшілікке жария етілмейтінін атап өтті.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігі Армения 2025 жылдың соңына дейін ҰҚШҰ алдындағы қарызын өтемеген жағдайда, түрлі шаралар қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеген. Алайда бұл елдің ұйымнан шығарылуына дейін жетуі екіталай екенін айтқан.

Өткен аптада Армения парламенті елдің Еуропалық Одаққа кіру процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдады. Дегенмен Брюссель әзірге Арменияға мүше болуды ұсынған жоқ.

Айта кетейік, ҰҚШҰ құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Армения кіреді.

2024 жылдың басында Армения премьер-министрі Никол Пашинян елдің ҰҚШҰ-дағы мүшелігін тоқтата тұратынын және ұйым өз міндеттемелерін орындамаса немесе жауапкершілік аймақтарын мойындамаса, одан толық шығу мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл 2023 жылдың қыркүйегінде Әзербайжанның Қарабақтағы әскери операциясына қатысты айтылған еді. Кейін Пашинян ҰҚШҰ-ны Арменияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ұйым деп атады, алайда ұйым Ереван алдындағы міндеттемелерін сақтайтынын жеткізген.

Халықаралық құқыққа сәйкес Қарабақ – Әзербайжан аумағы. Алайда 1990-жылдардың басынан бері Баку бұл өңірді бақылай алмады. 2020 жылы болған қарулы қақтығыс кезінде Әзербайжан әскері аумақтың едәуір бөлігін өз бақылауына қайтарды.

• 2023 жылы Әзербайжан Қарабақта қысқа мерзімді әскери операция жүргізіп, бүкіл аймақты толық бақылауға алды. Соның нәтижесінде негізінен армяндар қоныстанған мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы өз өмір сүруін тоқтатты. Қауіпсіздіктеріне алаңдаған 120 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Баку


Рекомендовать
Последние новости