Сенаторлар Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың сапарлары мен олардың тұру тәртібі, сондай-ақ көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады.
Алғашқы құжат өзара сапарларды жеңілдетуді көздейді: енді қазақстандық азаматтарға Арменияға бару үшін жеке куәлік жеткілікті. Тіркеусіз болу мерзімі жарты жыл ішінде 90 күнге дейін ұзартылды. Бұл туризмнің дамуына, іскерлік байланыстардың нығаюына және гуманитарлық қатынастардың артуына ықпал етпек.
Екінші келісім көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді. Онда деректер мен құқықтық ақпарат алмасу, заңсыз көші-қон мен қос азаматтыққа қарсы бірлескен шаралар, сондай-ақ тиісті органдардың іс-қимылдарын үйлестіру қарастырылған.
Айта кетейік,Қазақстан азаматтары Қырғызстанға да тек жеке куәлікпен бара алады.
Бұл мүмкіндік 2007 жылдан бастап ЕАЭО аясындағы келісімдер мен екіжақты шарттарға сәйкес енгізілген. Қазақстандықтарға Қырғызстанға кіру үшін шетелдік паспорт қажет емес, жеке куәлік жеткілікті.
-
Қазақстан азаматтары Қырғызстанда 30 күнге дейін тіркеусіз бола алады.
-
Ұзақ уақытқа қалу үшін жергілікті көші-қон органдарына тіркелу қажет.