Арыста мемлекеттік қызметкерлер құқықтық біліктілігін шыңдады

Dalanews 16 нояб. 2018 16:19 1074

Бүгін Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбековтың төрағалығымен құқықтық оқыту отырысы өтті.

Отырысқа Арыс қаласы әкімі аппаратының бөлім басшылары, қала әкімдігінің мекеме, бөлімінің және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Құқықтық оқыту отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы Арыс қаласы әкімінің кеңесшісі Ерлан Маханов, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» қала әкімінің аппараты персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Бақытжан Тағаев және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық Заңы. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Арыс қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инпекторлық бөлімінің бас инпекторы Әлмаханбет Әділбеков баяндама жасады.

Жиын барысында құқықтық оқыту отырысына қатысушылар тарапынан ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті мамандар тарапынан заң аясында тұщымды жауаптар берілді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости