Ақтөбеде таксист 8 жастағы қызды қағып кетті

Көркем Алдабергенова 28 окт. 2025 12:10

Ақтөбеде такси жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде 8 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

25 қазанға қараған түні Әбілқайыр хан даңғылында 20 жастағы «Chevrolet Cobalt» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 8 жастағы қыз баланы қағып кеткен.

Соққы салдарынан көлік тағы үш автокөлікпен соқтығысқан.

Жарақат алған бала бас-ми жарақатын және сынған сүйектерін емдеу үшін ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости