Ақтауда білім басқармасының басшысы мен үш директор сотталды

Көркем Алдабергенова 30 июл. 2024 10:44 2592

Ақтауда білім басқармасының басшысы мен үш директор сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот жеке кәсіпкерді, білім басқармасының бұрынғы басшысын және үш мектеп директорын сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ақтау қалалық сотында жеке кәсіпкерге, білім басқармасының бұрынғы басшысына және қаладағы үш мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Тергеу органымен жеке кәсіпкер Ш. лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара берген (ҚК-нің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен) бұрынғы білім басқармасының басшысы Б. және үш мектеп директоры пара алғаны үшін (ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен) айыпталған.
 
Сот анықтағаны:
 
Жеке кәсіпкер оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін үш мектеппен келісім-шартқа отырған. Көрсетілген қызметтерге келісім-шарттарға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы қамқорлық үшін ол бірнеше рет лауазымды адамдарға - сол кездегі білім басқармасының басшысы (Б.-ға 4 млн. теңге) және үш мектеп директоры (С.-ға 800 мың теңге, Н.-ға 2 млн теңге және Е.-ге - 1 млн теңге) жеке кәсіпкерден ақшалай қаражаттарын пара ретінде алған.
 
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердеің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс-құжаттарымен дәлелденді.
 
Соттың шешімі:
 
Жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға шын жүректен өкіну және жеке кәсіпкердің кішкентай балаларының болуы және мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының болуы деп танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
 
Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2 бөлігінде параның 50-ден 60-қа дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қылмыстық кодекстің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағында параның 40-тан 50-ге дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салу немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза көзделген.
Б. мен Н.-ге ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен – 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
С.-ға Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2 бөлігімен - 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Е. Қылмыстық кодекстің 366 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабының 2 тармағына сәйкес, - 40 миллион теңге (параның 40 еселенген) мөлшерінде айыппұл салу. Жеке кәсіпкер Ш. Қылмыстық кодекстің 367 бабының 3 бөлігінің 3 тармағымен - 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Рекомендовать
Последние новости