Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL ұшағының қара жәшіктері Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
" Сол күні (ұшақ апаты болған күні – ред.) ұшақтың апатқа ұшырауын тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның құзыретіне борттық өздігінен жазғыштардың (қара жәшіктің) шифрын ашу кіреді. Чикаго комиссиясының Халықаралық Азаматтық авиация туралы” өзге де халықаралық стандарттарында қара жәшіктер Бразилия тарапынан алынып, қорытынды беру үшін комиссияға берілді, - деп хабарлады Ресейдің Бас прокуратурасы.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта іс бойынша толық және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Құқықтық ынтымақтастық аясында Әзербайжан мен Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмалары жолданды.
Айта кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы.
Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны — 38. Қайғылы оқиғадан 29 адам аман қалды.
Қайғылы оқиғадан кейін Әзербайжанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Түсте бүкіл ел бойынша мемлекеттік тулар түсіріліп, көліктер тоқтады. Әзербайжандықтар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кейінірек Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық органдарымен ақылдасқан соң, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын комиссия Embraer ұшағының қара жәшігін Бразилиядағы CENIPA орталығына жіберу туралы шешім қабылдады.