Ақсу қант зауыты қайта іске қосылды

Dalanews 29 нояб. 2017 08:02 922

Үдемелі индустрия-инновациялық даму бағдарламасы бұдан бұрын тоқтап қалған өндіріс орындарына жан бітіруде.

Айталық, күні кеше Алматы облысында осыдан он жыл бұрын тоқтап қалған қант зауыты қайтадан іске қосылды.
Ақсу қант зауыты бұдан шамамен 10 жыл қаржылық тапшылыққа байланысты дағдарысқа ұшырап, тоқтап қалған. Индустрияландыру бағдарламасы қайтіп ашылуы неғайбыл деген зауыттың жүрегін қайта соқтырды.

Өндіріс орны іске қосылған күні-ақ өнім шығаруды бастап кетті. Айта кетсек, Ақсудағы қант зауытын қайтадан іске қосу жөніндегі ынтымақтастық меморандумына биылғы жылғы көктемде қол қойылған еді. Кәсіпорынға тартылған инвестицияның жалпы көлемі – 15 млрд теңгені құрайды. Мұның 3 миллиард теңгесі негізгі құрал-жабдықтарды қайта жаңғырту үшін «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан бөлінген. Осылайша осыдан 10 жыл уақыт бұрын тұралап қалған зауыт қайтадан іске қосылды.

Кәсіпорын бір күнде 2,5-3 мың тонна қант қызылшасын өңдесе, бір жылдық қуаты – 350 мың тоннаны құрайды. Бұдан алынатын қант 32 мың тоннадан асады.

Өз кезегінде зауыттың қайта ашылу салтанатына қатысқан Алматының облысының әкімі

Амандық Баталов: «Біз қазір 80 мың тоннадан бастап жатырмыз. Келесі жылы егіс айналымын орнына келтіріп, оның көлемін жыл сайын көбейтеміз. Бүгіннің өзінде 500 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмыссыздық өткен жылы 5,7 пайыз болса, осы жылы бір зауыттың арқасында 4,7 пайызға төмендеді. Жөндеу жұмыстары барысында механикалық және электронды таразылар ауыстырылды. Қызылша кесетін және жиілік ауыстыру аппараттары алынды», – деп атап өтті.

Ал Ақсу ауданының тұрғындары Елбасына дән риза. «Халық болып осы зауытты көтереміз деген ойдамыз» дейді олар.

Зауыттың іске қосылуын өңір диқандары да асыға күтті. Өйткені, өнімдерін 200-250 шақырым жердегі Көксу қант зауытына апарып жүрген Ақсу, Сарқан аудандарының шаруа қожалықтары енді қызылшаларын осында өткізеді. Демек, шығын аз, пайда көп болады. Ал пайдалы дақылды өсіретіндердің қатары жыл өткен сайын арта бермек. Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші:  – Алдағы үш жылда зауыт толықтай қайта жаңғыртудан өтеді. Заманауи жаңа жабдықтар алынады. Нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаты бүгінгіден әлдеқайда жоғары болады. Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

Рекомендовать
Последние новости