Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт төмендеп кетті

Көркем Алдабергенова 04 нояб. 2025 14:03

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт төмендеп кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биржада доллар бағамы бір тәулікте шамамен 6 теңгеге төмендеді. Енді айырбастау орындарында оны 524 теңгеден сатуда.

Астанада доллар 528–529 теңгеден сатылады, ал сатып алу бағасы шамамен 521–522 теңге. Алматыда сату бағасы 524–526 теңге аралығында, ал сатып алу - 522–523 теңге шамасында.

Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы - 1 АҚШ долларына 528,31 теңге.


Рекомендовать
Последние новости