Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде жаңа тағайындау

Dalanews 12 июл. 2016 03:29 916

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Баспасөз хатшысы, Ресми өкілі болып Арсен Бектасов тағайындалды.

Арсен Алдажарұлы Бектасов 1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы Анкара университетін бітірген.  2008 жылдан бастап екі жыл «Әл Ибана» араб тілі институтында білім алған.

Әр жылдары «Астана», «7 арна» телеарналарында, «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінде еңбек еткен, «На страже» газетінде, ҚР Ішкі істер министрлігінің Полиция.kz, «Будущее без наркотиков» журналдарында бас редактор болған. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі мен Халықаралық байланыстар мен Протокол бөлімінде жұмыс істеді. Соңғы жұмыс орны: Еуразиялық Топ Баспасөз қызметі және Басқарма Кеңсесі.

Қазақ, орыс, араб, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.

Рекомендовать
Последние новости