Ақылбек Ихданов Орталық сайлау комиссиясынан кетті

Dalanews 12 февр. 2020 10:39 867

Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға Мәжіліс депутаттары бірауыздан дауыс берді.

Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мақұлданды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

«Паламент Мәжілісіне ОСК мүшесі Ақылбек Жәмелұлы Ихдановтың өкілеттігін өз еркімен мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші түсті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 19-бабы 6-тармағының 1-тармақшасына сәйкес сайлау комиссиясының мүшесі өз еркімен өтініш берген жағдайда, міндетін атқарудан босатылады. Осыған байланысты біз Ақылбек Ихдановтың ОСК мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз»,– деді отырыста мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Ихдановтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға Мәжіліс депутаттары бірауыздан дауыс берді.

Айта кетсек, Ақылбек Ихданов Парламент Мәжілісінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі қаулысымен ОСК мүшесі болып тағайындалған еді.

Рекомендовать
Последние новости