Apple компаниясы 2026 қаржы жылының бірінші тоқсанында қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Компанияның баспасөз хабарламасына сәйкес, 27 желтоқсанда аяқталған тоқсанда Apple-дің таза пайдасы $42,1 млрд құрап, бір жыл бұрынғы $36,3 млрд салыстырғанда едәуір артқан. Бір акцияға шаққандағы табыс 2,84 долларға жетті, ал өткен жылы бұл көрсеткіш $2,4 болған.
Тоқсандық кіріс $143,8 млрд дейін өсіп, нарық сарапшыларының болжамынан асып түсті. Бұған дейін аналитиктер компанияның кірісі $138,5 млрд деңгейінде болады деп күткен.
Apple басшылығы екінші қаржылық тоқсанда да өсім сақталатынын мәлімдеді. Компания кірісті 13–16% аралығында арттыруды жоспарлап отыр. Бұл нарықтағы орташа болжамнан жоғары.
Сарапшылар Apple-дің қаржылық нәтижелерін компания өнімдеріне деген тұрақты сұраныс пен қызмет көрсету сегментінің кеңеюімен байланыстырады.
