Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанадағы жұмысын жалғастыратын болды

Сағыныш Сардарова 03 июн. 2024 17:16 2258

Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанадағы жұмысын жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

orda.kz мәліметінше, Астана әкімдігі қалада қоқыс шығаруға жауап беретін мердігерді таңдау бойынша конкурс өткізген. Оның жеңімпаздарының бірі Әлия Назарбаеваның Clean City NC компаниясы болды.

Әкімдік қаланың әр ауданына бес мердігер таңдады. Алматы ауданында қоқысты шығарумен Clean City NC айналысады.

  • Есіл ауданы - "Taza Zher Capital" ЖШС;
  • Нұра ауданы - "Taza Zher Capital" ЖШС;
  • Сарыарқа ауданы - "Zero Waste" ЖШС;
  • Алматы ауданы - "Clean City NC" ЖШС.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачков телеграм арнасында экс-президент Нұрсұлтан Нарзарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға қатысы бар компания астаналықтардың ақшасын жымқырып жүргенін айтты. Журналистің оқырмандары Астанадағы үйлердің алдында қоқыстар жиналмай жатқанына шағымданған.

"Астанада қоқысты тасумен айналысатын компания жай компания емес. Компания расында Әлия Назарбаевамен байланысты. Бірақ оның қызметі қылмыстық істі тергеуге байланысты ақсаңдап тұр.

2022 жылдың күзінен бері фирма тарифті қымбаттату арқылы астаналықтардың ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген. Оның бір жарым жылында сараптама жүріп жатыр. Сол арқылы ақша жымқырылғаны дәлелденуі мүмкін", - деді Козачков.


Рекомендовать
Последние новости