Алматыдағы Зерделі ықшам ауданында 5 подъезд каратинге алынды

Dalanews 16 апр. 2020 06:39 881

Алматы Зерделі ықшам ауданында бес үйдің подъезі қоршалып, карантинге алынды. Олар енді коронавирус инфекциясының ошақтары болып саналады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Карантинге алынған үйлердің подъезі мына мекен-жайларда орналасқан:

Зерделі, 43;

Зерделі, 64;

Зерделі, 130;

Зерделi, 34;

Зерделі, 61/160.

Бұған дейін осы ықшамауданның бір тұрғын 34-үйдің подвалында "City Bar" дәмханасы күн сайын таңғы 4-5-ке дейін еш алаңсыз жұмыс істеп жатқанын айтқан. Төтенше жағдай мен карантинге де қарамастан.
Осы кафеден удай мас болып адамдардың шығып келе жатқанын, төбелескендерін, айқай-шуын түсірген фото мен видеолар жеткілікті. Оның үстіне мұннан шыққан бетте мастар балаларға арналған ойын алаңына кіші дәрет сындырған жайттар да болған, - деді ол.

Алматыда коронавирус инфекциясы ошақтарының саны 101-ге жетті. Зерделі ықшам ауданы орналасқан Алатау аймағында 15 індет ошағы анықталды.

Рекомендовать
Последние новости