Алматыда Президент шыршасы өтті

Dalanews 25 дек. 2022 13:10 643

Алматыда Мемлекет басшысы жариялаған «Балалар жылы» аясындағы дәстүрлі Президент шыршасы өтіп жатыр.

Шырша тойына тұрмысы төмен, жетім, оқу озаты мен дарынды және ерекше қажеттілігі бар, сонымен қатар, оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды 300 бала шақырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы әкімі Ерболат Досаев құттықтап, зор денсаулық, мол табыс және Жаңа жылда барлық арманның орындалуын тіледі.

Роза Рымбаева «Кел, Жаңа жыл!» әнін шырқап, Аяз Ата, Ақшақар және 2023 жылдың нышаны Қоянның қатысуымен шыршаның шамын жағу – театрландырылған қойылымның өзегіне айналды.

Бұған қоса, танымал тұлғалар Президент шыршасына келген қонақтарға бейнежазба арқылы жүрекжарды лебізін жолдады. Атап айтқанда, әртіс Димаш Құдайберген, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, әнші Данелия Төлешова және т.б.

«Жаңа жылдық сиқыр» музыкалық-интерактивті шоу-спектаклі шырша тойының шырайын кіргізіп, Ерке Есмахан, Мұхтар Ханзада, КешYou тобы т.б. әннен шашу шашты.

Іс-шара соңында барлық қонақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.

Рекомендовать
Последние новости