Алматыда ерекше жандар арасында футболдан турнир өтті

Ақтоты Жапатова 12 июл. 2025 11:00

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында футболдан «ID Football Cup-2025» атты турнир өтті. Доданы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен спорт федерациясы ұйымдастырды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Турнирге қаланың медициналық-әлеуметтік мекемелерінде тұратын азаматтардан құралған алты команда қатысты. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті – әр команда бір-бірімен кездесіп, ең көп ұпай жинаған ұжым жеңімпаз атанды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар ерекше жандардың өмірге деген құлшынысын арттырып, қоғамға бейімделуіне зор ықпал етеді.

– Бұл турнирдің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету, оларды жігерлендіріп, қоғамға бейімдеуге үлес қосу. Сонымен қатар, болашақта жақсы ойыншыларды іріктеп, оларды Алматы қаласының атынан республикалық жарыстарға шығару жоспарда бар, – дейді «Алатау» арнайы қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Мырзабек Қазыханов.


Рекомендовать
Последние новости