Алматыда «Экстремизмнің алдын алудағы БАҚ рөлі» халықаралық форумы өтуде

Dalanews 15 авг. 2019 14:07 878

Алматыда Еуропалық Одақтың қолдауымен «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту» жобасы аясында Internews-тің ұйымдастырған «Зорлық экстремизмінің алдын алудағы БАҚ рөлі» атты екінші халықаралық форумы өтуде.

Форумға медиа қоғамдастықтың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдері, Орталық Азия елдерінде және шетелде зорлыққа әкелетін радикализм мәселелері бойынша пікір жетекшілері мен сарапшылар қатысуда.

Форумның мақсаты - Орталық Азия елдеріндегі радикализацияның алдын алудағы БАҚ рөлін талқылау, сонымен қатар сәтті жергілікті және ғаламдық медиа бастамаларды жүзеге асыру, сараптамалық сессиялар өткізу және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өз қоғамдастықтарымен өзара әрекеттесу және нығайту мысалдарын көрсету (әсіресе, жастармен, әйелдермен, азшылық ұлттармен және діндермен).

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша зорлыққа әкелетін радикализацияның алдын-алу жөніндегі БАҚ бастамаларын жан-жақты талқылау аймақтағы үнқатысуды күшейту үшін ұлттық және аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі және осы саладағы шешімдер мен табысты тәжірибелер үшін маңызды алаң ұсынады.

Форумның форматы да қызықты. Шараның алғашқы күні  "ARTиШОК" эксперименталды театрында медиа сауаттылық бойынша «Talk-ылау болады!» конференциясы өтті.

Талқылауда Орта Азия елдерінен келген 9 сарапшы қоғамның радикалдандауына жол бермеу, жалған ақпаратпен күрес, БАҚ-тағы арандату мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салды.  


Шараның шымылдығын түрген ЕуроОдақтың Қазақстандағы өкілдігінің төрағасы Свен-Олов Карлссон мұндай форумдардың маңызына тоқталып, қазіргі күні медиасауатты болуға ұмтылу керектігін айтты. 

"Біз ақпараттық технологиялар заманында өмір сүреміз. Бүгінгі медиа құралдар біздің ортамызға, көзқарасымызға, сонымен қатар атқарған ісімізге өз әсерін тигізеді.

Жаңа медиа құралдар чаттар, мессенджерлер, әлеуметтік желілер біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған.


Ендеше әрбір адам осынау медиа-жүйенің бір бөлшегіне айналды деуге негіз бар", – деді ол. 

Форум тақырыбының «Talk-ылау болады!» деп таңдалуы да тегін емес. Тақырып ұраны: «We are the message» (Біз - месседж, хабарландыру) деп аталады.

Ал "Контент фестивалі" аясында «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікке жәрдемдесу» аясында қаржыландырылған ең үздік медиа жобалар таныстырылды. Қатысушылар жоба аясында қандай тәжірибе жинап, қандай қиындықтарды еңсергенін сөз етті. 

Ал бүгін форум қатысушылары «Зорлық экстремизмінің алдын-алудағы БАҚ рөлі»  тақырыбын талқылап, жаһандық деңгейде және Орта Азия елдеріндегі радикализацияның алдын алудағы БАҚ рөліне баға берді. 

Конференцияның негізгі үндеуі: бұқаралық ақпарат құралдары процестің белсенді қатысушылары және радикализацияның алдын алуда маңызды және орны толмас рөл атқарады.

Айта кетелік «Зорлық экстремизмінің алдын алудағы БАҚ рөлі» форумы үш күн ішінде екі жерде өтетін төрт шарадан тұратын инновациялық және эксперименталды қоғамдық алаң болып табылады. 


Форумның үшінші күні "Медиа Лаборатория" атты тақырып аясында өтеді. Мұнда қатысушылар  - кәсіби журналистиканың қақтығыс жағдайларына жетелейтін тақырыптарға қатысты көзқарасын ортаға салады. 

Халықаралық форум Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Internews жүзеге асыратын «Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Рекомендовать
Последние новости